Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Кентау қаласының адами әлеуетті дамыту бөлімінің «Айша – Бибі» бөбекжай – балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны Қарнақ ауылы Қырғыз – Қақпа №10А көшесінде орналасқан. Балабақша қала әкімінің 2 қыркүйек 2014 жылы № 540 өкімімен беріліп іске қосылды. Ғимараты типтік жобада, 2 қабатты, қабырғасы – күйдірілген кірпішті, шатыры – металл жабынқыш, едені – бетон. Жер учаскесінің жалпы алаңы: 1394,3 м2 . Балабақшада 7 топ: шешінетін, оқу – ойын бөлмеден, жататын, жуынатын, ыдыс жуатын бөлмеден тұрады. Және де музыка мен спорт залы, асхана, әкімшілік бөлмелері, медицина, кір жуатын бөлмелер мен қоймалар бар. Электр жүйесі орталықтандырылған. Жылу жүйесі жергілікті жылыту жүйелері арқылы көмірмен жылынады. Балабақша ауласы көгалдандырылған, әсемдік ағаштар мен гүлзарларға күтім жасалуда.Балабақша учаскесінде спорт алаңы мен әрбір топқа арналған саяжайлар бар, олар ойын құралдарымен жабдықталған. Медицина бөлмесі балалардың антропометриялық өлшеулерін анықтайтын құралдармен қатар сауықтыруға арналған медициналық құралдармен және дәрі – дәрмекпен жабдықталған. Балабақшада 23 педагог жұмыс атқарады, олар білімі бойыншы төмендегідей:

Жоғары педагогикалық біліммен – 23 педагог (100%)

  • Санаты бойынша:

Жоғары біліктілік санаты – 2 Зерттеуші – 1

Бірінші біліктілік санаты – 4 Сарапшы – 2

Екінші біліктілік санаты –1 Модератор – 10

Санаты жоқ – 3

  • Жас ерекшеліктеріне қарай 7 топ жұмыс жасайды.
  • Сиымдылығы: 165 бала

1 жастан бастап «Бойчечак» ерте жас тобы
2 жастан бастап «Бинафша» кіші тобы
3 жастан бастап «Ласточки» ортаңғы тобы
4 жастан бастап «Солнышко», «Алпомиш» ересек тобы
5 жастан бастап «Ғунча», «Камалак» мектепалды даярлық тобы

  • Жұмыс уақыты: 5 күндік.
  • Жұмыс істеу тәртібі: 10,5 сағат.
  • Жұмыс уақыты: 8.00 ден 18.30 ға дейін.
  • 2021– 2022 оқу жылына төмендегі мақсат пен міндеттерді қояды:

1. Коммуникация – тілдік құзыреттілігін, адамгершілік-рухани дамуының білім беру ортасын бағалауды.
2. Шығармашылық – балалардың танымдық, шығармашылық, музыкалық қабілеттерін қалыптастыруды.
3. Таным – логикалық есептерді шығара білуді.

Мақсаты: Мектепке дейінгі жастан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық сынды қасиеттерді саналарына сіңіріп, жаһандану заманында өз елін қорғайтын, үлкенді сыйлайтын «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының рухани-адамгершілік құндылықтарын және саламатты өмір салты мәдениетін нығайту. Баланың ой өрісін, өнімді әрекеттерге қызығушылықтарын, байқампаздығын дамыту.

МіндеттеріАлдағы болжау бойынша қорытынды
1«Қатынас» білім беру саласы бойынша сөйлеуді дамыту арқылы өзара байланысқа қабілетті мектеп жасына дейінгі тұлғаны тәрбиелеу.Тәрбиеленушілердің түрлі іс-әрекетінде балалар әдебиетімен таныстыру арқылы ауызекі және байланыстырып сөйлеуді, мәнерлеп оқу мен мазмұндауды, тілдің дыбыстық мәдениетін тәрбиелеуді, белсенді сөздік қорын байытуды, тілдік нормаларды игеруді, мемлекеттік, орыс және шет тілдерінің бірін дамыту.
2Шығармашылық – балалардың танымдық, шығармашылық, музыкалық қабілеттерін қалыптастыруТұлғаны қалыптастыру, шығармашылық қабілеттерді, сезімдік-эмоционалдық саланы, қиялды, ойлауды, көркем талғамды дамыту,сурет салу, мүсіндеу, жапсыру және өнер туындыларын қабылдау мен түсіну дағдыларын, қоршаған ортаға эстетикалық қатынасты қалыптастыруды, өнер түрлері туралы қарапайым ұғымдарды, тәрбиеленушілердің дербес шығармашылық іс-әрекетін іске асыруды қамтиды.
3«Таным» білім беру саласы бойынша математикалық есептерді,логикалық есептерді шығаруына тәрбиелеу.Мектеп жасына дейінгі баланың жеке тұлғасын қоршаған әлеммен өзара іс-қимыл жасаудағы қажетті танымдық іс-әрекеттің қарапайым дағдыларын меңгеруі үшін дамыту,санау дағдыларын, геометриялық пішіндер туралы түсініктерді қалыптастыруды, кеңістікті және уақытты бағдарлауды; құрылыс, табиғи және қалдық материалдар мен конструктордың бөліктерінен құрастыруды; тірі және өлі табиғат заттары мен құбылыстары туралы білімдерді кеңейту

Мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбиелеу-білім беру процесін ұйымдастыру барысында
мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды дамыту моделін іске асыру мақсатына сәйкес келесі
күтілетін нәтижелерге жету ұсынылды:
1) мектепке дейінгі ұйым деңгейінде:
− мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың білім беру процесінің барлық
қатысушыларының өзара іс-қимылы арқылы бақытты, дені сау, дербес, білуге құмар, тіл
табысқыш, сын тұрғысынан ойлайтын балалардың толыққанды дамуы үшін жағдай
жасауға;
− вариативтік оқу бағдарламаларын әзірлеуге, оқытудың әртүрлі әдістемелері мен
технологияларын, білім беру процесін ұйымдастырудың нысандарын, әдістерін, тәсілдерін
пайдалануға;
− баланың даралығы мен субьективтілігін қолдауға бағытталған
трансформацияланатын ойын және тақырыптық аймақтар, инклюзивті дамытушы орта
құруға;
− ұлттық мәдениет пен дәстүр арқылы рухани-адамгершілік құндылықтар негізінде
баланың жеке қасиеттерін қалыптастыруға;
− отбасымен ынтымақтастық нысандарын кеңейтуге;
− ерте жастағы балалар үшін жағдай жасауға;
2) балаларға:
− физикалық аман-саулықты;
− әлеуметтік-эмоционалдық құзыреттілікті;
− когнитивтік және қарым-қатынас дағдыларын дамытуды;
− таным мен зерттеуге деген жоғары ішкі мотивацияны дамытуды;
− бастамашылықты, дербестікті және жауапкершілікті дамытуды;
− өзіне және айналасындағыларға қамқорлық көрсетуді;
− өз бетінше саналы таңдау жасай білуді;
− командада жұмыс істей білуді;
− сын тұрғысынан ойлауды дамытуды;
− креативтілікті қолдауды;
− психологиялық-педагогикалық қолдауды қамтамасыз етуге;
3) ата-аналарға:
− білім беру процесінің қатысушылары болуға;
− баланың психикалық және физикалық денсаулығын сақтауды қамтамасыз етуге;
− баланың жеке мүмкіндіктерін дамытуға;
− көрсетілетін білім беру қызметтерінің сапасына қанағаттану деңгейін арттыруға;
− үйде баланың толық дамуы үшін жағдай жасауда консультациялық көмек алуға
мүмкіндік береді.